Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танысының сеніміне кіріп, ақшасын өзінің шотына аударып алған әйел ұсталды

Қызылордада танысының есеп шотынан ақшаны өз шотына рұқсатсыз аударып алған азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада 23 желтоқсанда 46 жастағы әйел танысынан қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұрап алып, «Каспий банк» қосымшасы арқылы оның шотынан 200 мың теңге ақшасын өз шотына аударған.

2 күннен кейін жәбірленуші шотта ақшасының жоқтығын байқап, ұрлық бойынша арызбен Қызылорда қаласының Полиция басқармасына жүгінді.

Облыс орталығының тұрғыны болып табылатын күдіктіні полиция қызметкерлері ұстап, ол өз кінәсін толық мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру