Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану мен сатудың 11 фактісі анықталды

Ақтөбеде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану мен сатудың 11 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жылдық мереке – азаматтардың пиротехникалық бұйымдарды жаппай іске қосуының дәстүрлі уақыты. Сапасыз және мерзімі өткен өнімдерді анықтау мақсатында, Ақтөбе облысы ПД полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды сату орындарында рейдтер жүргізуде. Бұл алдағы жаңа жылдық мерекелер мен демалыстарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.

Ақтөбе облысы ПД ӘПБ қызметкерлері “Пиротехника” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады. Кәсіпкер ақтөбелік өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамай, көп қабатты үйдің пәтерінде пиротехниканы сатуға қойған.

Пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, сатушыға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
“Пиротехника” жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану мен сатудың 11 фактісі анықталды, онда сәйкестік сертификаттары жоқ 388 пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар (341 отшашу және 47 қорап) тәркіленді.

Кез-келген пиротехниканы дұрыс пайдалану және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін есте ұстаған жөн. Бәрінен бұрын, балаларға қатысты, оларға отшашуды өздері басқаруға рұқсат бермеу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру