Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 16 ақпанында Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны хабарласып, түн жарымында белгісіз тұлғаның 60 мың теңге тұратын панелді қара түсті «Pioner» маркалы магнитоласын көліктен жасырын ұрлап кеткені жөнінде жүгінген. Бұл дерек көлік тұраққа қойылған шағын аудандардың бірінің ауласында орын алды.
Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
17 ақпан Тараз қ.ПБ тергеу бөлімінің қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше рет осындай қылмыс жасаған 26 жастағы рецидивист ұрыны анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды өз мүлкінің сақталуына қатысты бақылауды күшейтуге, жеке бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға және қырағы болуға шақырады.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды өз мүлкінің сақталуына бақылауды күшейтуге, жеке бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға және қырағы болуға шақырады.