Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тәртіп сақшылары оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Алматы облысының тәртіп сақшылары жолда жүру ережелері бойынша мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ескелді ауданы полиция бөлімі ЮПТ аға инспекторы Э.Намазиманова мен А.Мансурова Қарабұлақ ауылы Титов орта мектебінің 1, 9 және 11-сыныптар арасында “Қауіпсіз жол” құқықтық іс-шарасы барысында жолда жүру ережелері және балалардың жарақаттылығын алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, жолда жүру ережелерін түсіндіру және жолда балалардың қатысуымен болатын оқыс оқиғалардың алдын-алу болып табылады. Танымдық түсіндіру жұмыстары барысында полицейлер жас жеткіншектерге инфографикалық жаднамалар таратты.

– Жол-көлік оқиғаларына байланысты түрлі жазатайым жағдайлардың орын алуына тек көлік тізгіндеген азаматтар ғана емес, жаяу жүргіншілер де себепші болып жатады. Сол себепті де, балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін, алдымен, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Жас жеткіншектерге бірлесіп жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар ұшырайтын жол апатының алдын алар едік, – дейді Ескелді ауданы полиция бөлімі ЮПТ аға инспекторы Э. Намазиманова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру