Тараз полицейлері жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісін анықтады
Тараз полицейлері жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қалалық полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында бейнебақылау камераларының көмегімен мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған элиталық кластағы Mercedes Benz автокөлігін анықтады.
Автокөлік жүргізушісі айыппұл болған жағдайда төлемеу үшін мемлекеттік нөмірін ауыстырғанын айтты.
Ер адамға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Соттың шешімімен ол көлік құралын басқару құқығынан 1 жылға айырылды. Сондай-ақ 2 тәулікке қамаққа алынып, 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.