Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз тұрғындарын мемлекеттік тесттен өткіземін деп алдаған алаяқ ұсталды

Тараз тұрғындарын мемлекеттік тесттен өткіземін деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қаңтарда Тараз қаласы полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындары белгісіз ер адамның тест қабылдау орталығында мемлекеттік тесттен өтуге көмектесемін деп, сенімдеріне кіру арқылы қомақты қаржыларын иемденіп кеткені туралы арызданған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 млн теңгені құрайды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 26 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті кінәсын толық мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Ол жәбірленушілерге өзін қаладағы тест орталықтарының бірінде бақылаушы болып жұмыс істеймін деп таныстырған. Мемлекеттік тестілеуден өту, эссе дайындау сияқты қызметтерге жеке-жеке төлем алып, алайда сынақ уақытында көмектеспей, бойтасалаған.

Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру