Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда әкесінің көлігін рұқсатсыз алған жасөспірім көпірден аударылып кетті

Таразда әкесінің көлігін рұқсатсыз алған жасөспірім көпірден аударылып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері тараздық патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің назарына автокөлік рөліне отырған мектеп оқушылары ілікті.


Бірі жексенбі күні әкесінің Audi көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, рөлге ие бола алмай көпірден құлап кеткен. 15 жастағы жасөспірімнің жылдамдықты асырып, жол ережесін өрескел бұзып келе жатқанын жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасынан байқаған. Олар аталған аумаққа шұғыл түрде ППБ инспекторларын жіберген.

ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

10 сыныпта оқитын жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта істі сотқа жолдау үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру