Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері жоғалған шетелдік азаматты іздеп тапты

Павлодар облысының полицейлері жоғалған шетелдік азаматты іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 сәуір күні сағат 21.00-де Қырғызстан Республикасының азаматы 33 жастағы ағасының Павлодар ауданының Долгое ауылында орналасқан шаруа қожалығынан 22 наурызда сағат 10.00-де кетіп қалғанын және қайтып оралмағаны туралы Павлодар ауданының полициясына хабарлады.

Дереу бағдар жасалып, барлық аумақтық полиция бөлімшелеріне және облыстың жақын аймақтарына таратылды. Іздеуге полицияның барлық кешенді күштері жұмылдырылды, оның баруы мүмкін жерлер: шаруа қожалықтары, алыс нүктелер тексерілді. Барлық ықтимал бағыттар бойынша бейнебақылау камералары қаралды. Іздестіру шараларына еріктілер де тартылды.

– 12 сәуірде жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Павлодар облысы ПД және Аққулы ауданының полиция қызметкерлері Аққулы ауданы Қызылкөм ауылынан 20 км қашықтықта орналасқан “Қараоба” шалғай нүктесінде хабар-ошарсыз кеткен адамды тапты. Оның осы шаруа қожалығында өз бетінше жұмыс істегені анықталды. Ал телефоны болмағандықтан туыстарын хабардар ете алмаған, – деді облыстық ПД криминалдық полиция бастығының орынбасары Аршат Жәмиев.

Қазіргі уақытта 33 жастағы ер адам, Қырғыз Республикасының азаматы туыстарымен қауышты. Жақындары туысын үйге аман-есен қайтарған полицейлерге шын жүректен алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру