Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“АҚШ-қа виза алып беремін”: алматылықтарды алдаған күдікті анықталды

31 жастағы азамат алматылықтарға АҚШ-қа виза алып беруге уәде берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті өзін табысты өнер адамы, продюсер, сценарист ретінде көрсеткен. Бір сөзбен айтқанда, киноиндустриядағы соңғы адам емес. Ол өзін Instagram парақшасында 90 мың аудиторияға осылай таныстырды.

– 31 жастағы К.есімді азамат көркемдік қызметімен қатар, АҚШ-қа виза “рәсімдеумен” айналысқандығы белгілі болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, ол әлеуетті тұтынушылардан алдын ала төлем алып, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан. Полицияға арызбен 9 адам жүгінген. Олар ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен тіркеліп, бір өндіріске біріктірілді, – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Полиция қызметкерлері алданған адамдардың көбірек болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тергеушілер ықтимал басқа эпизодтарды анықтаумен айналысуда. ҚР Конституциясының талаптарына және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге ​​жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру