Таразда автобуста телефон ұрлаған күдікті қолға түсті
Таразда автобуста телефон ұрлаған күдікті «ізін суытпай» қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қарашада Тараз қаласы ПБ 1-полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Ер адам күндізгі 13:40 шамасында маршруттық автобуста болған кезде, құны 600 мың теңге болатын IPhone телефонын қалтасынан бiреудiң ұрлап кеткендiгi туралы арызданды.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.