Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Абай облысында “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-19 қараша аралығында Абай аумағында “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – жазаның бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету, халықты салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттігі туралы хабардар ету.

Аталған іс-шараны өткізу барысында бес күн ішінде мемлекет бюджетіне 12 миллион теңгеден астам сомаға ерікті төлем мерзімі өткен 1058 қаулы өндірілді. 343 құқық бұзушы әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздар туралы хабарландыру алды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) азаматтардың әкімшілік хаттама жасалған сәттен бастап 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл сомасының 50 пайызын төлеуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес: Айыппұл салу туралы қаулы, айыппұлды заңды күшіне енгізу қажеттігі туралы нұсқама күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға айыппұл төлеуге тиіс. Қаулы өз еркімен орындалмаған жағдайда айыппұл Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабына сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібімен өндіріп алынады.

Айыппұл салу туралы қаулының 896-бабына сәйкес немесе Әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алуды болдырмау үшін облыстық ПД айыппұлды уақытылы төлеуді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру