Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда түркістандық азамат басқарған көліктен атыс қаруы тәркіленді

Алматыда түркістандық азамат басқарған көліктен атыс қаруы тәркіленді. Автокөлік ішінде тағы үш жас жігіт болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз қала” іс-шарасы барысында таңғы сағат 09:30-да Мақатаев пен Досмұхамедов көшелерінің қиылысында “Буран-079” патрульдік полиция экипажымен Toyota автокөлігін басқарған Түркістан қаласының 21 жастағы тұрғыны тоқтатылды.

Шетелдік көліктің ішінде тағы үш жас жігіт болды, олардың екеуі бұрын бұзақылық жасағаны үшін іздеуде болған.

– Тексеру кезінде көліктің ішінен және жүксалғышынан Калашников автоматы, Сайга карабині және сериялық нөмірі өшірілген Grand Power травматикалық тапанша табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша қарудың қайдан шыққаны және оның қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталатын болады. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру