Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда "Байтал-Антитеррор-2022" антитеррористік оқу-жаттығулары өтеді

Таразда "Байтал-Антитеррор-2022" антитеррористік оқу-жаттығулары өтеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

5 сәуірде сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы Тараз қаласы Мәмбет батыр көшесінде "Байтал-Антитеррор-2022" антитеррористік оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының терроризмнің шартты актісіне шұғыл ден қою және оны кесіп өту, сондай-ақ оның салдарын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауда тәжірибелік дағдыларын пысықтау.

Түрлі күрделілік элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған оқу-жаттығуларға жедел штабқа адамдардың және арнайы техниканың едәуір саны тартылады.

Осыған байланысты шектеу шаралары, оның ішінде жоғарыда көрсетілген көшеде де автокөлік қозғалысы бойынша қарастырылған.

- Азаматтарды өткізілетін терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз, - деді Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру