Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізді

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысында қар мен мұздың қарқынды еруінен су деңгейі көтеріліп, жағалаулардан Есіл өзені шығады, бұл жақын жатқан аудандар мен ауылдарды су басуына әкеп соғады.

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында СҚО бойынша ҚАЖД “ЕС-164/1 мекемесі” РММ жеке құрамының белсенді қатысуымен күшейтілген режимде келесі су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді. 5 сәуірде изолятор аумағын су басу қаупі төнген жағдайда жеке құрамның іс-қимылын пысықтау үшін шаруашылық ауласының іргелес аумағында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді, онда авариялық-құтқару бригадасы, мекеменің жеке құрамы мен арнайы техникасы тартылды.

Оқу-жаттығу барысында саяжай алабы тарапынан мекеме аумағын еріген су басуы мүмкін жасанды бөгет жасалып, траптар төселді. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін мекеме басшылығы кезекші ауысымның үйлесімді әрекеттерін атап өтті.

Су тасқынының алдын алу мақсатында мекемеге қарасты жолдарды, көшелерді, аула аумақтарын тазарту және қардан тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мекеме маңындағы аумақты қардан тазалау үшін жеке құраммен көпшілік іс-шара өткізілді.Су тасқыны мен сең жүру кезеңі өте қауіпті болғандықтан, бізден тәртіпті, сақтықты қарапайым қауіпсіздік ережелерін талап етеді. Соған байланысты тергеу изоляторының басшылығы СҚО бойынша ТЖД қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Онда төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру