Таразда бөтеннің контейнерін сатып жіберген ер адам анықталды
Таразда бөтеннің контейнерін сатып жіберген ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының Полиция басқармасына 44 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 2019 жылдың мамыр айында белгілі бір ер адам оның сеніміне кіріп, алдап, облыс орталығындағы үйлердің бірінің жанында тұрған 40 тонналық контейнерді сатып жібергенін айтты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.