Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында бірнеше жол-көлік оқиғасы орын алды

Атырау облысында бірнеше жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 желтоқсан күні сағат 04:30 шамасында Атырау-Индер тас жолы Талғайраң ауылы тұсында Lada Priora автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі автокөліктің басқару жүйесін игере алмай, сиырды қағып, соққы екпінімен сол аумақта орналасқан азық-түлік дүкенінің жарнама белгісіне соқтығысып, жол-жиегіне шығып аударылған. Оқиға салдарынан жүргізушісі жеңіл жарақат алып, облыстық ауруханаға қаралды.

Одан басқа, 21 желтоқсан күні сағат 12:00 шамасында Жарбосынов-Молдағұлова көше қиылысында Toyota Corolla автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолда келе жатқан 64 жастағы азаматтың басқаруындағы Toyota Corolla автокөлігіне соқтығыс жасаған.

Сонымен қатар, 22 желтоқсан күні сағат 17:00 шамасында Қараөзек мөлтек ауданында ГАЗ-53 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі бір бағытта алдында келе жатқан фура жүк көлігін басып озу кезінде КамАЗ жүк көлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Соққы салдарынан үш адам әртүрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілген.

Атырау қаласы Полиция басқармасы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілердің назарына жол қауіпсіздігін қадағалап, ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру