Таразда ер адам тұрғынға күш көрсетіп, телефонын ұрлап кетті
Таразда ер адам тұрғынға күш көрсетіп, телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұялы телефонды ұрлап кеткен ер адамды ұстады.
Белгісіз адам 32 жастағы азаматқа күш көрсетіп, «Samsung А10» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қылмыс жасалған жерге барған жедел топ күдіктінің «ізін суытпай» тұтқынға алды. Жәбірленушінің айтуы бойынша, қылмыскер 33 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ұсталған күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Аталған факті бойынша 191-баптың 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.