Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында “Браконьер” ЖАШ қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысында “Браконьер” ЖАШ қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9-31 тамыз аралығында Қарағанды облысында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

– Осы кезеңде ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау) бойынша тоғыз қылмыстық іс, ҚР ҚК 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша бір қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) бойынша 87 әкімшілік хаттама жасалды, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД ЖПҚБ табиғат қорғау полиция бөлімінің бастығы Ерболат Изатов.

Сонымен, 29 тамызда Балқаш көлінің жағасындағы саяжай массивінен екі шақырым жерде орналасқан Приозерск ауданында полицейлер 38, 42 және 47 жастағы үш ер адамы бар моторлы қайықты ұстады. Олардың барлығы Приозерск қаласының тұрғындары. Қайықтан 160 келі балық табылып, тәркіленді.


Сол күні Қарағанды облысы Шет ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылорда-Павлодар тас жолында 60 жастағы ер адам басқарған Нива автокөлігін тоқтатты. Полицейлер тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан үрлемелі қайық, бес дана тор мен шамамен 37 келі сазан табылды.


30 тамызда Балқаш қаласының 26 жастағы тұрғыны Балқаш көлінің Бертіс шығанағында ұсталды, оның қайығында 87 келі сом балық пен балық аулау құралы болған. Материалдық шығын 330 мың теңгені құрады.

Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру