Таразда көлікпен дрифт жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды
Таразда көлікпен дрифт жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу кезінде қала көшелерінде түрлі қауіпті қозғалыс жасап, дрифт элементтерін орындау арқылы жолда жүру қағидасын бұзған автокөліктің бейнежазбасын байқады.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстары барысында Жигули автокөлігімен жол ережесін бұзған 18 жастағы Тараз қаласының тұрғыны екені анықталды.
Аталған көлік иесіне жол ережелерін қатаң түрде бұзғаны және айналасына қауіп төндіргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-бөлігімен (Жол жабындысын ластау), ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (Жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Барлығы 214 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.