Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда «OLX» желісіндегі алаяқ анықталды

Таразда «OLX» желісіндегі алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының ПБ тергеу бөлімінің тергеушілері 23 жастағы қала тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тартты, оған қатысты «OLX» жарнамалық сайтын пайдаланушыларды алдау  бойынша алаяқтықтың алты дерегі анықталды.

Алаяқтың құрбандары «OLX» жарнамалық сайты арқылы тұрмыстық техниканы: тоңазытқыштар, теледидарлар, кір жуғыш машина сатып алуға тырысқан жергілікті тұрғындар болып табылады.

Алаяқ  жалған  мәліметпен «OLX» сайтында жарнамалық парақша ашып, онда тұрмыстық техниканы қолайлы бағамен сатуды жарнамалаған, бұдан әрі қарапайым азаматтардың сенімін пайдаланып, оларды алдау арқылы «Kaspi gold» мобильді қосымшасымен ақша қаражатын аударуға мәжбүр еткен, содан кейін мобильді телефондарын өшіріп, байланысқа шықпаған.

Тергеушілермен 23 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сот тергеушінің сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезеңінде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхатын қолдады.

Күдіктінің соңғы әрекеті ҚР ҚК 190-бабының  3-бөлігі 4-тармағы бойынша бірнеше рет жасалған алаяқтық ретінде сараланды. Оның санкциясы мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қылмыстық істі тергеу аяқталып, жақын арада сотқа жолданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру