Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияға ерікті түрде қару тапсырған павлодарлықтарға 1 млн теңге төленеді

Полицияға ерікті түрде қару тапсырған павлодарлықтарға бір миллион теңге төленеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында 2021 жылғы 20 сәуірде бүкіл ел бойынша басталған тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды халықтан сатып алу акциясы жалғасуда.

– Бүгінгі таңда облыстың 88 тұрғыны алты млн. теңгеден астам сомаға 104 қаруды полицияға өз еркімен тапсырған. Негізінен, халық тегіс ұңғылы мылтық – 96 бірлік, сондай-ақ ұзын ұңғылы ойық қарудың сегіз бірлігі, жарылғыш құрылғының бір бірлігі және ойық қару-жараққа 16 мыңнан астам патрон тапсырды. Мәселен, 13 мамырда Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөліміне павлодарлық келді. Ер адам 5,6 мм калибрлі “ТОЗ” маркалы мылтығын өз еркімен ақылы негізде тапсырды. Әлеуметтік желілерден мемлекет халықтан қару алып жатқанын біліп, мылтықтарды полицияға өз еркімен тапсыруға шешім қабылдады. Мылтыққа баллистикалық зерттеу тағайындалды. Нәтижесінде ер адам 100 мың теңгеден астам төлем алады, – деді Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.

Тәртіп сақшылары халықтан заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясына мемлекет сегіз миллион теңгеден астам қаражат бөлгенін атап өтті.

Полиция ІІО-да тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салды. Кейіннен тіркелмеген қаруды алып жүру және сақтау фактілері анықталған жағдайда кінәлілер жауапқа тартылады.

Барлық сұрақтар бойынша азаматтар тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімдеріне, сондай-ақ облыс ПД-не 8 (718 2) 39-11-75 телефоны бойынша хабарласа алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру