Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда велосипед ұрлаған ер адам ұсталды

Таразда велосипед ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда полиция қызметкерлері велосипед ұрлағаны үшін 26 жастағы ер адамды ұстады. Ол облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінің тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында оның ұрлықты көп қабатты тұрғын үйдің кіреберісінен таңғы уақытта, тұрғындардың велосипедтерді қараусыз қалдырғанын пайдаланып жасағаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Қазіргі таңда оның басқа да ұқсас ұрлықтарға қатыстылығы бар-жоғы тексерілуде.

Жамбыл облысының полициясы азаматтардан қырағылық танытып, өз мүліктерін сақтау үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру