Таразда пәтер алмақ болған тұрғын алаяққа алданып қалды
Таразда пәтер алмақ болған тұрғын алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы полиция басқармасына жергілікті тұрғын өтініш білдірді. Ол облыс орталығының Химпоселок ауданында пәтер сатып алу үшін алдын ала 1 миллион 650 мың теңге төлемдi бейтаныс әйелге бергенiн хабарлады.
Алайда көрсетілген соманы алғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Сондай-ақ бұл пәтер оған тиесілі емес екені белгілі болады.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық)сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 48 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Әйел кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.