Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ер азамат тұрғынның телефонын тартып алған

Елордада ер азамат тұрғынның телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай таңғы уақытта әйел азаматша қала тазалығын қадағалап, көше сыпырған. Атқарылған жұмысты суретке түсіру үшін, қалтасынан телефонын алып, суретке түсіруге оңтайлана бергенде кенеттен жас жігіт пайда болып, оның қолынан телефонды жұлып алып, қаша жөнелген.

Мән-жайды анықтауға бірден жұмылған Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті азаматты ұстады. Ол 19 жастағы Астана тұрғыны болған.

– Күдікті кінәсін мойындады, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр, – дейді криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мадияр Омаров

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру