Таразда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның ІІМ есірткіге қарсы күрес бөлімшелерінің басшылары кездесті
Тараз қаласында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелері басшыларының кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үш елдің ведомствоаралық өзара іс-қимылының нәтижелері талқыланды.
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтар мен тыйым салынған заттар трафигінің арналарын жоюда бірлескен күш-жігерді одан әрі арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Синтетикалық есірткілердің, оның ішінде интернет-ресурстар мен электрондық төлем жүйелері арқылы таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша шарттық базаны жетілдіру, жедел өзара іс-қимыл, сондай-ақ өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастығын жандандыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.