Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті

Таразда құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Динамо» спорт кешенінде қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Сонымен қатар, бұл турнир Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Құрамында құқық қорғау органдары мен күш құрылымдардың қызметкерлері бар 15 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің командасы, екінші орынды ҰҚК департаментінің командасы, ал бірінші орынды Полиция департаментінің командасы иеленді. «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік байланыстырушы» номинациялары бойынша да қатысушылар марапаттарға ие болды. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы ҚР Ұлттық ұланның № 5513 әскери бөлімінің командасына берілді. Сондай-ақ, турнирдің төрешілері де марапаттарға ие болды.


Жеңімпаздарды Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы Нұрлан Кәрібжанов марапаттады.

Ойыншылар шиеленіске толы жарысты көрсетті. Бейресми жағдайдағы осындай турнирлер командалық рухты нығайтуға көмектеседі. Әртүрлі деңгейдегі спортшылар өнер көрсетсе де, ойын айшықты өтті.

Бұл күні қатысушылар қызметтік борышын орындау кезінде батылдық танытқан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне құрмет көрсетті. Олар қылмыскерлерге ерлікпен қарсы тұрды, қарапайым азаматтардың тыныштығын қорғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру