Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері тас жолда кюветке түскен жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Ақмола полицейлері тас жолда кюветке түскен жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 наурызда түнгі шамамен сағат 03.00-де Жақсы АПБ полиция бөлімінің қызметкерлері Қайрат Кәкімов пен Еркебұлан Тұрмағамбетов жолдарды тексеріп, Екатеринбург – Алматы автожолының 953 шақырымында кюветке түскен Scania жүк көлігін анықтады. Ер адамның Нұр-Сұлтан қаласынан Қостанай қаласына бара жатқаны белгілі болды. 

Жүргізушіге көмек көрсету үшін полицейлер жол қызметінің автокөлігін жұмылдырды, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты көлікті түнгі уақытта алып кетуге әрекет жасау сәтсіз болды. Көлікті таңертең шығару туралы шешім қабылданды. Полиция жүргізушіге оны жақын маңдағы қонақ үйге жеткізуді ұсынды, бірақ ер адам көлігінде түнеп шығуға жайлы жағдай бар екенін түсіндіріп, бас тартты.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер түні бойы патрульдеді. 30 наурыз сағат 07.00-де басқа автотрейлердің көмегімен полиция қызметкерлері жүргізушіге көмектесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру