Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда скутер ұрлаған күдікті ұсталды

Таразда скутер ұрлаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының ПБ ЖБО «102» пультіне жеке үйге қойылған «Talgy» электрлік скутерінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1-ПБ криминалдық полиция қызметкерлері Меркі ауданының 39 жастағы тұрғынын ұстады.

Анықталғандай, ұсталған адам бұрын ұрлық жасап, көлік айдап кеткен, бірақ екі жағдайда да жәбірленушілермен татуласудың арқасында бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан құтылып кеткен. Алайда, бұл жолы құқық бұзушыға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр, өйткені жыл басында қабылданған заңға сәйкес, қылмыс жасаған адам жәбірленушімен бір рет татуласуға құқылы.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру