Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында “Абаттандыру” жедел-алдын алу шарасы жалғасуда

Жамбыл облысының жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Негізгі назар осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндіру арқылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға аударылуда.

– Тұрмыстық және құрылыс қоқыстарының жиналуы, сондай-ақ лас су мен басқа да қалдықтардың төгілуі, мұның бәрі абаттандыру ережелерін бұзу болып табылады.
Егер қала орталығы, саябақтар мен алаңдар кейбір азаматтардың саналылығының арқасында жеткілікті деңгейде таза болса, қаланың шағын аудандары мен жеке сектор қоқыс қалдықтарымен ластануда.
Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және тазалық пен тәртіп ережелерін бұзуға жол бермеуге бағытталған 200-ден астам рейд жұмыстары жүргізілді.
Сонымен, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес, жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 30 АЕК мөлшерінде ескерту немесе айыппұл көзделген.
Баршаңызды қала көшелеріндегі тазалық пен тәртіпті сақтауға, абаттандыруды саналы түрде жүзеге асыруға шақырамын, бұл біздің мәдениетіміздің көрсеткіш деңгейі ғана емес, сонымен қатар біздің тұратын жеріміз үшін де үлкен жауапкершілік, – деді ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Манас Әбдікәрімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру