Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда “Учаске” жедел алдын алу шарасы өтуде

Таразда көшелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Учаске” жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі нұсқауына сәйкес, 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында Тараз қаласының Полиция басқармасы тұрмыстық, сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған “Учаске” профилактикалық іс-шарасын өткізеді.

Екі күндік жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижесі бойынша Тараз қаласының аумағында барлығы 318 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:

– ҚР ӘҚБтК 73-б. (Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер);
– ҚР ӘҚБтК 204-бабы (Белгіленбеген орындарда сауда жасау);
– ҚР ӘҚБтК 434-бабы (Ұсақ бұзақылық);
– ҚР ӘҚБтК 434-2 бабы (Жалпы пайдалану орындарын ластау);
– ҚР ӘҚБтК 440-бабы (Қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішу);
– ҚР ӘҚБтК 492-бабы (Қазақстан Республикасында тіркеусіз тұру).

Полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда және ол Тараз қалалық Полиция басқармасы басшылығының бақылауында тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру