Таразда жүргізуші куәлігін жасап беремін деп қалта ұрлығын жасаған семейлік ұсталды
Таразда жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алдап, қалта ұрлығын жасаған семейлік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 ақпанда Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығына қала тұрғынынан белгісіз адам жеке заттарының ұрланғандығы бойынша арызданған. Белгісіз адам көлік жүргізу куәлігін жылдам жасап беремін деп сеніміне кіріп, қонақ үйлердің біріне ақшасын алуға шақырған. Кездесу барысында белгісіз адам киімдерінен телефонымен 80 мың теңге ақшасын жымқырған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлерімен 26 жастағы Семей қаласы Аягөз ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол өзінің ақшаны оңай табу мақсатында қалаға келгенін айтып, өз кінәсін толығымен мойындады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1 және 2-бөлігімен (Ұрлық) және ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.