Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны есірткі сақтағаны үшін сотталды

Петропавл тұрғыны есірткі сақтағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда 34 жастағы қала тұрғыны синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. 

Өткен жазда ер адамды Петропавл қалалық Полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ұстады. Тұрғылықты жері бойынша одан «меф 0,5 – 30 дана» деген түсіндірме жазуы бар полимерлі пакет алынды. Ішінде жалпы салмағы 11,19 грамм болатын ұнтақты затпен 23 орама табылды. Сараптама бұл мефедрон күшті синтетикалық препарат екенін көрсетті.

– Ұсталған адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша айып тағылды, – деп түсіндірді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Сот оны үш жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кету керек, есірткіні таратқаны үшін қатаң жаза қарастырылған. Есірткінің таралуына қарсы күрес-басқарма жұмысындағы басты мақсаттарының бірі. Өткен жылы СҚО полицейлері есірткіні өткізудің 32 фактісі бойынша материалдарды сотқа жіберген. Қазіргі уақытта тағы 8 күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бір жыл ішінде заңсыз айналымнан 5 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру