Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер тағы бір алаяқты қолға түсірді

Тараздық полицейлер тағы бір алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы 1-полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жайлы хабарлаған. Ол өз арызында, белгісiз тұлғаның «мал шаруашылығына арналған арнайы қайтарымсыз 5 миллион теңге көлемінде несие алып беремін» деп, сеніміне кіре отырып, 2021 жылы 530 мың, 2022 жылы 670 мың теңге көлемінде ақшасын иемденгенiн жазып көрсеткен.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен 32 жастағы Жуалы ауданының тұрғыны анықталды.

Күдікті кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, алдап алынған қаражатты өз меншігіне жұмсап, жаңа ұялы телефон, азық-түлік пен киім-кешек алып отырған.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру