Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте кәсіп ашамын деген тұрғын қаражатынан айырылды

Шымкентте кәсіп ашамын деген тұрғын қомақты қаражатынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өз арызында, алты жылдан бергі танысы “Кәсіпті бірлесе бастаймыз”,- деп алдын ала 1,1 млн теңгесін алып, алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті әйел адамды тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 40 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды істі болмаған.

Тергеу барысында ұсталған әйел адам заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын мойындады. Сонымен қатар теріс әрекеті үшін өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру