Тараздық тұрғын кафенің шатырында атыс қаруын сақтаған
Тараздық тұрғын кафенің шатырында атыс қаруын сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 ақпанда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының бұрын сотты болған 26 жастағы тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында ер адам бұрын өзі жұмыс істеген кафенің шатырында атыс қаруын сақтағанын айтқан.
Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері Полиция департаментінің қоймасынан ұрланған үш бірлік АКСУ-74 автоматын тауып, тәркіледі.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабы (Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәркіленген қаруға қатысты сараптама тағайындалды.
Бүгінгі таңда ұрланған атыс қаруының 237 бірлігі, сондай-ақ 67 граната мен 10 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.