Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық тұрғын пәтер кезегіне қоюға уәде берген алаяққа 600 мың теңге берген

Тараздық тұрғын пәтер кезегіне қоюға уәде берген алаяққа 600 мың теңге берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 56 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, арыз жазған. Азаматша жаз мезгілінде оңалту орталығындағы жұмысында мүгедек ұлын баспанаға кезекке қоюға уәде берген пациентпен танысқан. Бұл қызметі үшін 600 000 теңге сұраған. Аталған ақшаны алғаннан кейін, таныс әйел байланысқа шығуды тоқтатқан.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығының 63 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті әйел өзінің кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінген. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру