Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын техникалық дүкендердің бірінен колонка ұрлаған

Астаналық тұрғын техникалық дүкендердің бірінен колонка ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 49 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адам кешкі уақытта Уалиханов көшесінде орналасқан электронды техника дүкеніне келгені белгілі болды. Сатып алушы кейпінде тауарларды қарап жүріп, ер адам гаджеттер тұрған сөреден құны 98 мың теңге тұратын GBL  колонканы алып кеткен.

Сауда залындағы бейне жазбада ер адамның витринаға жақындап, өзін ешкім бақыламай тұрғанына көз жеткізіп, колонканы білдіртпей киімінің астына жасырып алып шыққаны көрінеді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру