Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық тұрғынның бақшасынан есірткі өсімдігі тәркіленді

Тараздық тұрғынның бақшасынан есірткі өсімдігі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қыркүйек күні Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде «Канал-тосқауыл» халықаралық операциясы жүргізілді.

Шара барысында Тараз қаласының 48 жастағы тұрғынының бақшасынан жалпы салмағы 24 келі 300 гр болатын каннабис өсімдігінің 24 бұтағы табылды.

– Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру