Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын жеткізудің жолын кесті

СҚО полицейлері синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын жеткізудің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткіні жеткізу арналарының жолын кесу – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Тамыз айында солтүстікқазақстандық полицейлер астаналық әріптестерімен бірлесіп, Петропавл қаласына кіреберістегі “Оңтүстік” бақылау пунктінде Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты. Ішінде отырған 52 жастағы жолаушыдан сарғыш түсті кесектелген зат салынған 3 полимерлік түйіншек және бөлшектеп өлшеуге арналған құрал-жабдықтар, дәлірек айтқанда таразы мен буып-түю материалы тәркіленді.

Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың аса ірі мөлшердегі α-PvP синтетикалық есірткісі екенін көрсетті, салмағы – 624 грамм.

– Бұл партия екі мыңға жуық адамды нашақорлыққа тартуға жеткілікті. Күдікті есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірінде бөлшектеп-өлшеуші болып жұмыс істеген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, – деп түсіндірді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Иван Терзиди.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру