Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының тас жолында ШҚО азаматы жол апатынан ажал құшты

Алматы – Өскемен тас жолында ШҚО азаматы жол апатынан ажал құшты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы – Өскемен тас жолының 593-шақырымында адам өліміне әкелген тағы бір жол апаты болды. Шығыс Қазақстан облысының 32 жастағы азаматы Volkswagen Polo автокөлігінің рөлін басқара алмай, оның аударылып кету салдарынан мерт болды.

– Құрметті автокөлік жүргізушілері, жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбаңыздар. Сіз өзіңіздің ғана емес басқа да жолаушылардың өміріне жауаптысыз, – дейді Жетісу облысы полицейлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру