Тәртіп сақшылары ардагерлермен кездесті
Атырау полицейлері Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесулер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мереке қарсаңында Атырау қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы ІІО ардагерлері Толыбай Шәкіров және Бисембай Төлебаевпен кездесті.
Ұзақ жылдар бойы Ішкі істер органдарында қызмет атқарған ардагерлер қызметтің қыр-сырымен, тәжірибелерімен бөлісті. Олар жас полицейлерді өз елінің патриоты болуға, қызметті адал атқарып, жұмысқа жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Сонымен қатар кездесу барысында әлемді алаңдатқан пандемия кезіндегі тәртіп сақшыларының міндеттері туралы да сөз болды.
Кездесу соңында тәртіп сақшылары мазмұнды әңгімесі мен ақыл-кеңестері үшін ардагерлерге алғыстарын білдіріп, қызметтерін адал атқарып, халық сенімінен шығатындарын айтты.