Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Маңғыстаулық полицейлер “Әнші балапан” қорының Ана мен бала орталығында емделіп жатқан балалармен кездесу ұйымдастырып, сый-сияпаттарын табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балғын бөбектерді қуанту үшін көп заттың қажеті жоқ, ойыншықтар мен тәттілердің өзі оларды баурап алу үшін жеткілікті. Бұл әсіресе дертке шалдыққан балалардың көңілін аз уақытқа болса да күнделікті ине егу, дәрі қабылдау секілді процедуралардан алаңдатуға септігін тигізеді.

Балалардың жадыраңқы жүзін көру үлкен бақыт және мұндай бақыт ешқандай ақшаға сатып алынбасы анық. Тәртіп сақшыларының мақсаты да сол бақытты сезініп, балалар мен олардың ата-аналарына мерекелік көңіл-күй мен қуаныш сыйлау болды.

Бүгінде балалармен тұрақты түрде кездесу, оларды мерекемен құттықтау тәртіп сақшылары үшін ізгі дәстүрге айналды. Балаларға мықты денсаулық пен мол қуаныш тілеген сақшылар алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табатынын айтып, балалардың ата-аналарының ризашылығына бөленді.

– Балалар ешқашан да қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Оларға қолдау көрсету, қуанышты жүздерін көру біз үшін маңызды. Әр бала бақытты балалық шақты көруге және оны сезінуге құқылы. Бөбектердің ата-аналарына зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін, – деді Маңғыстау облысының бас полицейі Жанарбек Бактыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру