Тәртіп сақшылары мұқтаж отбасыға көмек қолын созды
Шымкент қаласының полицейлері асыраушысынан айырылған отбасыға көмек қолын созып, азық-түлік әкеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаменті мен Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасының қызметкерлері күйеуі індеттен көз жұмып, екі баласымен асыраушысыз қалған Тамара Зулкетенованың отбасына барып, азық-түлік жеткізіп берді.
Айта кетерлік жайт, Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы мұндай қайырымдылық шараларын өткізуді дәстүрге айналдырған.