Тәртіп сақшылары жалғызбасты қартқа көмекке барды
Қаратау ауданының полицейлері 83 жастағы қарияның ауласының қарын тазалап, үй шаруашылығына көмегін берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл санап елімізде жалғыз қалған қарттар саны көбейіп келеді. Алайда мұндай жандарға құқық қорғау органдарының қызметкерлері қамқорлық танытудан жалыққан емес.
Мысалы, Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласының Қайнарбұлақ саяжайында жалғыз өзі тұратын 83 жастағы Юрий Федоровичтің үйіне барып, ауласының қарын тазалап берді, сондай-ақ үйдің шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетті.
53 жылдан бері жалғыз тұратын қарт полиция қызметкерлеріне өзінің алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.