Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қиын жағдайда көмекке учаскелік полиция инспекторлары келеді

Нұр-Сұлтан қаласының учаскелік полиция инспекторы Айдос Момбиев қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шараларды күшейту мақсатында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне сеніп тапсырылған учаскеге ерекше көңіл бөледі.

Полицейлер қалыптасқан жағдайды зерделеу мақсатында пәтерлерді аралайды, тұрғындармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы жанжалдарды шешу Нұр-Сұлтан қаласы ПД учаскелік полиция инспекторлары үшін жиі болып тұратын жағдай.

Тұрғындар учаскелік полиция инспекторларына тұрмыстағы проблемаларымен жүгініп, отбасылық жанжалды немесе басқа да жағдайларды шешу үшін көмек көрсетуін сұрайды.

Мәселен, жақында №21 УПП учаскелік полиция инспекторы Айдос Момбиевке 47 жастағы әйел адам жүгініп, күйеуінің ішімдік ішкеннен кейін қол көтеретінін айтқан. 

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабымен әкімшілік өндіріс қозғалып, құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Мамандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен құқық бұзушының мінез-құлқына 1 жылға ерекше талап қойылды.

Учаскелік полиция инспекторы құқық бұзушымен тұрмыста құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде алдын алу әңгімелесуін жүргізді. Әйел адам учаскелік полиция инспекторына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Бұдан басқа Айдос Момбиевке жедел жәрдем қызметінің қызметкері де алғысын білдірді. Жедел жәрдем қызметінің қызметкері жүрегім ауырды деп шағым жасаған 33 жастағы ер адамның шақыртуы бойынша келген. Алкогольдік масаң күйде болған ер адамды қарап-тексеру барысында ол медицина қызметкеріне балағат сөздер айтып, дене жарақатын келтірген. 

Аталған факт бойынша учаскелік полиция инспекторы құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру