Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тас жолда болған апаттан 2 адам көз жұмды

25 қаңтар күні «Ақтөбе-Астрахань» тас жолында жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі «Ларгус» пен «Ниссан» маркалы автокөлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. «Ниссан» көлігінің жүргізушісі мен «Ларгустың» екі жолаушысы медициналық мекемеге жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жүргізушілерге ҚР ЖҚЕ сақтауды, жолдарда абай болуды, қауіпсіз қашықтықты сақтауды, ауа райына сәйкес жылдамдық режимін таңдауды ұсынады. Жол белгілерін қатаң сақтаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру