Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнде серуендеген 222 жасөспірім полицияға жеткізілді

Ақтөбеде полиция қызметкерлері “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын-алу іс-шарасын  қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ жасөспірімдерге алкогольдік ішімдіктердің, темекі өнімдерін сатудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 20-23 қаңтар аралығында облыс аумағында “Түнгі қаладағы балалар” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізеді.

Іс-шара барысында полиция бөліміне 240 кәмелетке толмаған бала, оның ішінде түнгі сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған 222 жасөспірім жеткізілді.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 21 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІО есебіне 28 жасөспірім және 32 қолайсыз отбасы қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру