Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тас жолда полицейлерден қашпақ болған мас жүргізушінің көлігінен қару табылды

Балқаш қаласының полицейлері қару-жарақ пен оқ-дәрі тасымалдамақ болған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қазанда Балқаш қаласы полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері «Алматы – Ектеринбург» тас жолында қызмет өткерді. Сағат таңғы 05.00-де олар мемлекеттік нөмірлері жоқ «Тойота Ланд Крузер» автокөлігіне назар аударды.

Полицейлер машинаны тоқтатуға тырысқанына қарамастан жүргізуші заңды талаптарға көнбеді. Қашқан машинаның жүргізушісін полицейлер ұстады.

Көліктің рөлінде Алматы қаласының 37 жастағы тұрғыны болды, одан спирттік ішімдіктің бұрқыраған иісі келді. Полицейлер көліктің ішінен атыс қару және оның оқ дәрілерін, металлдан жасалған таяқ (бита) тәркіледі. Куәландіру кезінде жүргізушінің алкогольдік масаң күйі анықталды.
Қазақстан Республикасының ҚК 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Одан басқа, құқық бұзушыны көлік құралын масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру