Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрақты мекенжайы жоқ 45 адам қабылдап-тарату орнына жеткізілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап 20 қарашасы аралығында қала аумағында “Қайыршы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – Шымкент қаласы аумағында тұрақты мекенжайы жоқ, қаңғыбас, қайыршылықпен айналысып жүрген адамдарды анықтап, арнайы қабылдап-тарату орнына орналастыру, іздеуде жүрген, сондай-ақ есепте тұрған адамдардың тұрмыс-тіршілігін анықтау және тексеру, көші-қон заңнамасын бұзу жайттарын анықтау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

“Қайыршы” іс-шарасы барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен 242 әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қабылдап-тарату орнына 45 адам жеткізілген. Бұл бағыттағы профилактикалық іс-шаралар өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру