Тәуелсіздік – ел тілегі
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шуақ ауылында орналасқан ОВ – 156/21 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шуақ ауылында орналасқан ОВ – 156/21 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты жиын өткізіліп, соңынан шығармашылық кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мекеме бастығы қызметкерлерді мерекемен құттықтады және мақтау қағаздарымен марапаттады.
Сондай-ақ түзеу мекемесінің қызметкерлері Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы қол жеткізген жетістіктерге арналған жыр шумақтарын оқыды.